Мәдина қаласына экскурсия
Құба мешітіне бару
Қыблатайн мешітіне бару
Құрма бағына бару
Ұхуд тауына бару
Мәдинадан Меккеге жол жүру
Қонақүйге орналасу
Ұмра жасау
• Ғұсыл (тазалық) алу
• Әл-Харам мешітіне шығу
• Қағбаны 7 рет тауап жасау
• 2 рәкәғат намаз оқу
• Зәмзәм суын ішу
• Сафа мен Маруа арасында сағи жасау
• Шаш қысқарту
Мекке қаласына экскурсия
Саур тауына бару
Арафат жазығына бару
Нұр тауы (Хира үңгірі)
Тал мешіті және Жындар мешіті
Меккенің басқа тарихи және қасиетті орындарымен танысу
Еркін күн
(Қалауыңыз бойынша бадал-ұмра немесе жақындарыңыздың атынан тауап жасауға, жеке құлшылық пен дұға-тілекке арнауға болады)
Жидда қаласына экскурсия
Құран қақпасын көру
Анамыз Хауа (а.с.) қабірін зиярат ету
Қызыл теңізде шомылу
Теңіз үстіндегі мешітте намаз оқу
Мекке қаласына қайту
Жиддаға трансфер
Елге қайту
Мәдина қаласына келу
Мәдинадағы қонақүйге орналасу
Пайғамбарымызға (с.а.у.) сәлем беру
10 000-нан астам сахаба жерленген қасиетті зиратты зиярат ету
Активация
Маршруттық бағдарлама
Виза
Егер сізде виза бар және оның жарамдылық мерзімі аяқталмаған болса, визаны қайта рәсімдеу қажет емес.
Визаның жарамдылық мерзімі өтіп кеткен жағдайда, жаңа визаны біздің кеңсе арқылы рәсімдеуге болады. Рәсімдеу құны 150 АҚШ долларын құрайды.
Назар аударыңыз: ұшу сәтінде паспорттың жарамдылық мерзімі кемінде 6 ай болуы тиіс. Егер паспорттың мерзімі аяқталуына 6 айдан аз уақыт қалса, оны алдын ала ауыстыру қажет.
Сервистік алым
Сервистік алымның төлемі 80 000 (сексен мың) теңге мөлшерінде.
Әуе билеттері
Әуе билеттері сыйлық сертификаттың құрамына кірмейді. Сіз әуе билеттерін өзіңізге ыңғайлы күндерге алдын ала тиімді бағамен сатып ала аласыз.
Ұшу бағыты Жидда қаласына, ал кері ұшу Мәдина қаласынан жүзеге асырылады.
Қалауыңыз бойынша әуе билеттерін біз арқылы да қолжетімді бағамен сатып алуға болады. Әуе билеттерін сатып алу кезінде әуежайдан трансфер уақытына назар аударып, ұйымдастырылған қарсы алуға ыңғайлы рейстерді таңдауыңызды сұраймыз.
Барлық уақыт көрсеткіштері (келу, кету, трансфер, қарсы алу/шығарып салу, орналастыру) Сауд Арабиясының жергілікті уақытымен көрсетіледі және Қазақстан уақытымен салыстырғанда 2 сағатқа кейін.
Келісім-шарт
«Келесі» батырмасын басу арқылы мен ұсынылған шарттар мен талаптармен толық танысқанымды растаймын, оларды қабылдаймын және сервистік алымды төлеуге келісімімді беремін. Бұл растау келісімшартқа қол қою болып саналмайды.
Қонақ үй
Сапар барысында қонақтарды Мекке қаласында Emar Elite Hotel, Nawazi Hotel, Kudai Tower Hotel немесе Shurufat Hotel қонақ үйлеріне, ал Мәдина қаласында Grand Safi Hotel, Nusuk Alhijra, Al Madinah, Grand Shahbaa немесе Alsaafa Hotel қонақ үйлеріне орналастыру жоспарланған.
Аталған тізімнен бөлек, осы санатқа тең немесе соған барынша жақын деңгейдегі басқа қонақ үйлерге де орналастыру мүмкін. Бұл жағдайда қонақ үйдің деңгейі мен қызмет көрсету шарттары көрсетілген қонақ үйлермен тең немесе соған барынша сәйкес болады.
Орналастыру бір бөлмеге 4 адамнан есептеледі. 2 жастан асқан балалар толыққанды бір орын ретінде есептеледі. Бір отбасын жеке бөлмеге орналастыру қарастырылмаған, ерлер мен әйелдер бөлек орналастырылады. Қонақтар әр қонақ үйдің ішкі тәртіп ережелерін сақтауға міндетті.
Тамақтану пакет құнына кірмейді. Қалауыңыз бойынша менеджерлер арқылы 7 күнге арналған қосымша тамақтану қызметін 120 АҚШ доллары көлемінде қосуға болады. Кейбір қонақ үйлерде халат пен тәпішке болмауы мүмкін, сондықтан оларды өзіңізбен бірге алып жүру ұсынылады.
Трансфер
«Әуежай – Қонақ үй – Әуежай» бағыты бойынша трансфер
Трансфер қызметі 08:00–12:00 аралығында тегін ұсынылады. Сертификат иелері бір рейспен келетін топқа біріктіріліп, қонақ үйге бір автобуспен жеткізіледі. Жеке (индивидуалды) трансфер қарастырылмаған.
Қонақ үйге орналасу (check-in) 15:00–18:00 аралығында жүзеге асырылады. Бұдан ерте немесе кеш келу жағдайында қонақ үйдің ішкі ережелері қолданылады.
Қонақ үйден шығу кезінде әуежайға трансфер 13:00-де жүзеге асырылады.
Барлық уақыт көрсеткіштері (келу, кету, трансфер, қарсы алу/шығарып салу, орналастыру) Сауд Арабиясының жергілікті уақытымен көрсетілген және Қазақстан уақытымен салыстырғанда 2 сағатқа кейін.